педагогика. оқу құралы

DOCX 166 sahifa 367,7 KB Bepul yuklash

Sahifa ko'rinishi (5 sahifa)

Pastga aylantiring 👇
1 / 166
қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш.уәлиханов атындағы көкшетау мемлекеттік университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сулейменова зауре екпиновна педагогика оқу құралы көкшетау, 2020 ббк 74.00 (5қ) әож 37.01 (5қ) с 85 рецензенттер: нәби л. - п.ғ.к., ш.уәлиханов атындағы кму-нің доценті. асылбекова м.п. – п.ғ.к., л.гумилев атындағы еұу доценті с 85 сулейменова з.е., педагогика. оқу құралы - көкшетау, 2020. – 160 бет оқу құралы ш.уәлиханов атындағы кму-нің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған ( 2020 жылғы, № хаттама). оқу құралы педагогикалық мамандықтардың студенттеріне арналған. ббк 74.00 (5қ) © сулейменова з.е., 2020. ©ш.уәлиханов атындағы көкшетау мемлекеттік университеті шжқ рмк, 2020. алғы сөз «педагогика» пәнінің оқу құралы 6b01 педагогикалық ғылымдар бағытындағы мамандықтарға арналған. пəнді оқытудың мақсаты – орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру. пəнді оқытудың міндеттері: 1. студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің мəні мен өзгешелігі жəне …
2 / 166
еп, толеранттылық жəне т.б.) дамыту. оқу құралының негізіне білім берудің қазіргі парадигмасына сəйкес жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-іс-əрекеттік, құзыреттілік, сонымен бірге əлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде тəрбиеге тарихи-педагогикалық, тарихи-жүйелілік жəне аксиологиялық тұрғыдағы жетекші идеялар алынады. оқу құралы мазмұнының құрылымында төмендегі ірі дидактикалық бірліктер (бөлімдер) бөліп көрсетіледі: · педагогикалық мамандыққа кіріспе; · педагогика тарихы; · педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері; · тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы. оқу құралындағы материалдардың ерекшеліктері тақырыптарда жаңа тұрғылар мен анықтамалар, педагогикалық теория мен практиканың əлемдік дамуының жаңа тенденцияларының ашып көрсетілуі, нəтижесінде белсенді дүниетанымдық ұстанымы бар болашақ мұғалімнің құзыретті, мобильді жəне креативті тұлғасына бағытталуы болып табылады. жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес, педагогика пәнін оқып үйрену барысында білім алушы: - ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі ролі туралы; - əлемдік білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде; - 12-жылдық орта білім беретін мұғалімнің кəсіби құзыреттіліктері туралы жəне т.б. түсінуге; - қазіргі қоғамдағы педагогтың əлеуметтік мəні мен ролі туралы; - болашақ мамандықтарының əлеуметтік мəні мен …
3 / 166
здігінен білім алу жəне өзін-өзі тəрбиелеу негіздерін меңгеру; - педагогикалық процесс заңдылықтарына, тəрбиелік тетіктеріне сəйкес оқу-тəрбие жұмыстарын жобалау жəне жүзеге асыру; - сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) жəне оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тəрбие процесін диагностикалауды іске асыру; - оқу-тəрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-əрекет түрлерін, формалары мен əдістерін таңдау; - білім беру мен тəрбиелеу процесіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың əр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну жəне т.б. біліктіліктерін игеруге; - ғылыми-зерттеушілік іс-əрекетті; - педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы; - педагогикалық процестің барлық қатысушыларымен субъект-субъектілі өзара əрекеттестікті ұйымдастыру; - білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану; - педагогикадан алған білімді кəсіптік практиканы өту барысында қолдану, сонымен қатар кəсіби міндеттерді шешу; кəсіби іс-əрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кəсіби міндеттерді орындауда; - қазіргі мектептегі кəсіби-педагогикалық іс-əрекет саласында; - кəсіби біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тəсілдерінде құзыретті болуға міндетті. педагогика гуманитарлық …
4 / 166
3) қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы. 4) қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар. 5) қр білім беру жүйесінің құрылымы мақсаты: болашақ ұстаздарға білім берудің түпкі мақсатын түсіндіру, оның философиялық мәнін, әлеуметтік-гуманитарлық сипатын, көпаспектілігін ашып көрсету. ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретінде саналған «білім беру» ұғымы кең мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда. білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену пpoцесі» (б.м.бим-бад, а.в.петpoвский). «білім беру - қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі» (в.с.безрукова). «білім беру - білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту пpoцесіндегі жетістігі жүйесі» (и.п.подласый). «білім беру - адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту пpoцесі» (үлкен энциклопедиялық сөздік). білім беру …
5 / 166
раттық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. қазіргі заманда білім беру ұғымының мазмұны да өзгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар: - кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған пpoцесс (а.г.асмолов). - білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру пpoцесі және нәтижесі (юнеско, 1997). - педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру пpoцесі (1999 ж) ретінде анықталған. - білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту пpoцесі (сластенин в.а.). осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көпқырлылығының, маңыздылығының айқын дәлелі. қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар …

Ko'proq o'qimoqchimisiz?

Barcha 166 sahifani Telegram orqali bepul yuklab oling.

To'liq faylni yuklab olish

"педагогика. оқу құралы" haqida

қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш.уәлиханов атындағы көкшетау мемлекеттік университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сулейменова зауре екпиновна педагогика оқу құралы көкшетау, 2020 ббк 74.00 (5қ) әож 37.01 (5қ) с 85 рецензенттер: нәби л. - п.ғ.к., ш.уәлиханов атындағы кму-нің доценті. асылбекова м.п. – п.ғ.к., л.гумилев атындағы еұу доценті с 85 сулейменова з.е., педагогика. оқу құралы - көкшетау, 2020. – 160 бет оқу құралы ш.уәлиханов атындағы кму-нің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған ( 2020 жылғы, № хаттама). оқу құралы педагогикалық мамандықтардың студенттеріне арналған. ббк 74.00 (5қ) © сулейменова з.е., 2020. ©ш.уәлиханов атындағы көкшетау мемлекеттік университеті шжқ рмк, 2020. алғы сөз «пе...

Bu fayl DOCX formatida 166 sahifadan iborat (367,7 KB). "педагогика. оқу құралы"ni yuklab olish uchun chap tomondagi Telegram tugmasini bosing.

Teglar: педагогика. оқу құралы DOCX 166 sahifa Bepul yuklash Telegram