pedagogikalyk zertteu adisteleri

DOCX 34 pages 64.1 KB Free download

Page preview (5 pages)

Scroll down 👇
1 / 34
мазмұны і бөлім ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері 1.1 педагогика ғылымы жайлы түсінік.......................................................5 1.2 зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы...............................................12 іі бөлім ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері 2.1 педагогикалық ғылымның әдіснамасы.................................................21 2.2 педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық принциптер тұрғысынан қарау.............,..................................................................................................25 қорытынды...............................................................................................29 пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................32 кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі: әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. педагогиканың да өзіне тән ғылыми — зерттеу әдістері бар. бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады. тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы …
2 / 34
дей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет. педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады. бақылау әдісі. бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты. педагогикалық зерттеу әдістеріне мыналар жатады:: · педагогикалық тұрғыдан бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным жатады · зерттеу мақсатындағы әңгіме — мұғалімдер мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. …
3 / 34
тық жұмыстың объектісі: ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін талдау. і бөлім ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері 1.1 педагогика ғылымы жайлы түсінік педагогика нысаны, пәні және қызметтері.өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз. ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т. б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екенің біріне аян. қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші …
4 / 34
лы іс - əрекеттер аймағын зерттейді. осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық - тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс - əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін.[1,бет.45]. педагогика пəні. білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады. мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады. социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың əлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми - техникалық үдеріске жəне əлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді.философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап …
5 / 34
дан, педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени - тəрбие орындарында – мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт - бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. осы негізде педагогика тəлім - тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс - əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым - қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. педагогика ғылымының қызметтері. дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне техникалық міндеттер. педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады: - сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені …

Want to read more?

Download all 34 pages for free via Telegram.

Download full file

About "pedagogikalyk zertteu adisteleri"

мазмұны і бөлім ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері 1.1 педагогика ғылымы жайлы түсінік.......................................................5 1.2 зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы...............................................12 іі бөлім ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері 2.1 педагогикалық ғылымның әдіснамасы.................................................21 2.2 педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық принциптер тұрғысынан қарау.............,..................................................................................................25 қорытынды...............................................................................................29 пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................32 кіріспе курстық жұмыстың өзект...

This file contains 34 pages in DOCX format (64.1 KB). To download "pedagogikalyk zertteu adisteleri", click the Telegram button on the left.

Tags: pedagogikalyk zertteu adisteleri DOCX 34 pages Free download Telegram